Трын й коммуналды шаруашылыы жолаушылар клігі жне автомобиль жолдары
Аудандық тұрғын үй – коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Айткалиев Тимур Саламатұлының
15.07.2021 жылы жылы өткен
аудандық мәслихаттың кезекті
ҮІІ сессияда жасаған баяндамасы:
Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2020-2021 жылдар аралығында атқарылған жұмыстары туралы
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды коммуналдық тұрғын үймен қамту
2020 жылы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке алу үшін қызмет атқарды. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаты бойынша 143 адам, Жетім балалар және ата анасының қамқорлығынан айырылған санаты бойынша 22 адам, Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аппатты деп танылған санаты бойынша 32 адам, Мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер санаты бойынша 85 адам, Көп балалы отбасы 30 адам тіркелген. Аудан бойынша 2020 жылға 312 мұқтаж азаматтар тіркелді.
2021 жылдың 6 айында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке алу үшін қызмет атқарды. Қазіргі таңда аудан бойынша 358 мұқтаж азаматтар тіркелген. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаты бойынша 159 адам, Жетім балалар және ата анасының қамқорлығынан айырылған санаты бойынша 24 адам, Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аппатты деп танылған санаты бойынша 33 адам, Мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер санаты бойынша 103 адам, Көп балалы отбасы 39 адам тіркелген.
2020 жылы Тоғанас ауылынан 3,8 млн.теңгеге, Талдыбұлақ ауылынан 4 млн.теңгеге, Жымпиты ауылынан 8 млн.теңгеге, Жетікөл ауылынан 3 млн. 50 мың теңгеге, Бұлан ауылынан 3 млн. теңгеге жеке тұрғын үйлер сатып алынды.
Коммуналдық тұрғын үйлерді жекешелендіруден 2020 жылдың 12 айында 10 931 816 теңгені құрап отыр.
Сонымен қатар 2020 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде Жымпиты ауылында үш қабатты 36 пәтерлі тұрғын үй құрылысы салынып, Жымпиты ауылы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға берілген болатын.
Санитарлық тазалық, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру
2020 жылы көктем мезгілдерінде аудан көлеміне 1000 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Ағаш көшеттері орталық алаңдарға, саябақтарға ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар ауылдық окрутерге иесіз күл қоқыстарды шығару, полигондарын жинақтау, қоршау жұмыстарын жүргізуге 12,4 млн.теңге қаржы бөлініп, мамыр, маусым, шілде айларында тиісті жұмыстар атқарылған болатын.
2021 жылы көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарының сапалы жүргізілуі мақсатында аудан көлемінде санитарлық-экологиялық айлық өткізуге аудан әкімдігінің қаулысы әзірленіп, 2 айлық сенбілік жарияланды. Айлық 10 сәуірден 29 мамыр аралығында өткізілді. Осы қаулыға сәйкес іс-шара жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда аудан көлеміне 1774 түп ағаш көшеттері әкелініп, әкімшілік, мекеме айналасына, орталық алаңдарға, саябақтарға, мектеп ауласына отырғызылды. Соның ішінде жеміс ағаштары 823 түп. Айлық шенберінде аудан бойынша сенбілікке 1035 адам және 13 техника тартылып 81,5 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы палигонға шығарылды.
Жымпиты, Өлеңті ауылдарына «Таза ауыл» атауы жазылған қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын 166 контейнер және пластик құтылар жинайтын 28 контейнер қойылды. Жымпиты ауылының қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін полигон «Ернұр» ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілді. Қазіргі таңда тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарын жүргізуде.
«Ернұр» ЖШС-гі 2020 жылдың қараша айында «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы бойынша пластик құтыларды престеу аппаратын алу үшін 4 млн 224 мың теңге грант ұтып алды. Пластик құтыларды престеу аппаратын (маркасы Pressmax 530) ағымдағы жылдың наурыз айында жеткізілген болатын.
Серіктестіктің теңгерімінде бір «Камаз», бір «ДТ-75» және екі жүк тиегіш техникасы болса, бес адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Серіктестіктің басты міндеті тұрғындардың үйінен, мекемелерден шығатын тұрмыстық қатты қалдықтары жинап, ауыл шетіндегі полигонға апарып төгу.
2020 жылы Жымпиты ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан аудандық бюджеттен қаржаты есебінен 3 млн 045 мың теңгеге қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін және пластик құтыларды салатын 15 жерде орналасқан контейнерлер қоршалды. Алдағы уақытта қалған контейнерлер қаржыға байланысты кезең-кезеңімен қоршалатын болады.
Сырым ауданы бойынша қазіргі таңда 29 елді мекен көгілдір отынмен қамтылып отыр. Аудан бойынша қосылған үйлер саны 3041 тұрғын үй 69,6 %. Халық санымен шыққанда 98,8%.
Сонымен қатар барлық әлеуметтік нысандар көгілдір отынмен қамтылған.
Жылыту маусымына дайындық туралы
Жалпы аудан бойынша 94 әлеуметтік нысан жұмыс жасайды (газбен – 93), оның ішінде:
2020 жылы Бұлдырты, Қазақстан, Қарағанды, Көгеріс ауылдарының ауыз су жүйесін күтіп ұстауға 6,4 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылды.
7 ауылдық елді мекен орталықтандырылмаған тәсілмен пайдаланады, оның ішінде 4 ауылдық елді мекен шахта құдығын, 2 ауылдық елді мекен құбырлы құдықты, 1 ауылдық елді мекен тасу суын пайдаланады.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламасы аясында БҚО Сырым ауданы Тоғанас ауылының сумен қамту жүйесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарының (авт.тех. бірге) құны – 599,34 млн. теңге. Мердігер – «Сәт-Серсив» ЖШС. Техникалық қадағалау – «Жайык Экспертиза» ЖШС. Су құбырының ұзындығы – 27,531 км. Бүгінгі күнге Тоғанас және Аңқаты ауылдарының ауылішілік су құбырлары 100 пайызға салынды.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламасы аясында БҚО Сырым ауданы Қосарал-Жетікөл ауылының сумен қамту жүйесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарының (авт.тех. бірге) құны – 316,459 млн. теңге. Мердігер – «АйТемір-Құрылыс» ЖШС. Техникалық қадағалау – «Строй-Проф» ЖШС. Су құбырының ұзындығы – 25,21 км. Бүгінгі күнге Қосарал ауылының ауылішілік су құбырлары 100 пайызға салынды.
2020 жылы БҚО Сырым ауданы Кеңащы жер асты су кен орнынан Жымпиты ауылына су құбыры құрылысы жұмыстары жүргізілді. Мердігер – «Мелиортаор» ЖШС. Құрылыс жұмыстарының құны – 2 127,704 млн. теңге.
2020 жылы Шағырлой, Бұлан, Жамбыл, Қособа, Жырақұдық және Алғабас, Қарағанды ауылдарының су құбырын қайта жаңарту ЖСҚ-н жасақтау жұмыстары жүргізілді. Жобалау құны – 22949,9 мың теңгені құрайды. Жобалаушы – «Инженер+» ЖШС. Алғабас, Қарағанды ауылдарының су құбырын қайта жаңартуға ЖСҚ-н жасақтау жұмыстары жүргізілді.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселесі
Аудан аумағында 196 шақырым республикалық, 132 шақырым облыстық, 296 шақырым аудандық, 134 шақырым ауылішілік жолдар бар.
2020 жылы Бөрлі – Аксай – Жымпиты бағытындағы 139-149 шақырым (10 км) аралығындағы жолы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға беріледі. Мердігер «Uniserv» ЖШС. Жоба құны 1,9 млрд.теңге.
Бөрлі – Аксай – Жымпиты бағытындағы 149-159 шақырым (10 км) аралығындағы жолға күрделі жөндеу жүргізілуде, мердігер «КазГерСтрой» ЖШС. Жоба 2020-2021 жылдарға қарастырылып, жалпы құны 2,287 млрд.теңгені құрайды. 2021 жылы пайдалануға беріледі.
2021 жылы Бөрлі – Аксай – Жымпиты бағытындағы 68-139 шақырым (71 км) жолды қайта жанғырту үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жаряланды. Жоба 2021-2023 жылдарға қарастырылып, жалпы құны 18,0 млрд теңгені құрайды.
Аудандық маңызы бар жолдардың 15 шарқырымы жөнделді (Бұлдырты, Өлеңті, Алғабас). Сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Тоғанас ауылына кірме жолдың 10,6 шақырымын орташа жөндеуге 519,256 қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Жалпы қаржысы (696,352 млн.теңге). Мердігер «Айдана» ЖШС.
2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Алғабас ауылындағы С.Датов көшесін орташа жөндеу жұмыстарына 56,1 млн. теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды. Мердігер «АнушҚұрылыс» ЖШС.
Жымпиты ауылындағы Қазақстан, Досмухамедов, Мендалиев, Байжанов, Жұмағалиев көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына 224,8 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуге. Ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Мердігер «Марасант» ЖШС.
Жымпиты ауылының Исаев (1,200 км) көшелеріне конкурс ойнатылып, мердігерлер анықталды. 2021 жылы жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Исаев көшесінің қаржысы – 125,2 млн. тенге, мердігер «Астрадор» ЖШС.
Жымпиты ауылының Есенжанов (0,270 км) көшелеріне конкурс ойнатылып, мердігерлер анықталды. 2021 жылы жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Есенжанов көшесінің қаржысы – 39,3 млн. тенге, мердігер «Ануш-Құрылыс» ЖШС.
Сонымен қатар «БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылының Ж.Молдағалиев, Б.Момышұлы, С.Жонысов, Е.Сатаев көшелері бойындағы ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу» жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттамасы жасақталды. Мердігер ТОО «Күмбез». ЖСҚ қаржысы 3 404 441,49 теңге.
2020 жылы жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында Самара-Шымкент республикалық тас жолына және облыстық жолға 6 жерге МАИ қызметкерінің автокөлік макеттері қойылды. Жалпы қаржысы 738 000 теңге.
2021 жылға облыстық және республикалық жолдың бойына қосымша 2 дана МАИ қызметкерінің автокөлік макеттері, 14 дана үй жануарларының және 8 дана жаяу жүргіншілер жолағының тұсына мектеп оқушысының макеттері орнатылды. Қаржысы 2,5 млн. теңге.
Баяндама аяқталды. Сұрақтарыңыз болса, жауап беруге дайынмын.
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жер учаскісіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің
ҚАУЛЫСЫ
Қостанай қ. № ___ ________ жыл
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жер учаскісіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18 – бабына, 69 бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Темірбаев көшесі бойынша Гоголь көшесі – Әл-Фараби даңғылы шекарасында «Қостанай қаласы Темірбаев көшесі бойынша Гоголь көшесі – Әл-Фараби даңғылы (Қалалық аурухана) шекарасы мекенжайы бойынша Д-800 мм өздігінен ағатын кәріз коллекторын реконструкциялау» объектісі бойынша жұмыстарды іске асыру үшін ауданы 0,4794 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жариялғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуды қамтамасыз етсін.
Ақжайық ауданында тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы туралы
Ақжайық ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Жаншиннің баяндамасы
Жұмсалған қаржыны қайтару мақсатында 2014 жылы «Орал» ӘКК АҚ тарапынан 56 адам сотқа беріліп шағымдары қанағаттандырылған, соның ішінде 5 адам сот шешімін орындаған.
2016 жылы «Игілік » ЖШС-мен атқарылған жұмыстар нәтижесінде 22 тұрғын қосымша келісім шартқа отырды.
Жаңғырту бағдарламасы бойынша «Орал» ӘКК АҚ (мердігер ЖШС «Алимбек » ) арқылы жөнделген үйлердің тұрғындары жөндеудің сапасының нашарлығын және төлем жарналарының жоғарылығын басшылыққа алып ай сайынғы төлемін өтеуден бас тарты, осыған байланысты Чапаев ауылы Қонаев көшесі № 38 үй және Исаев көшесі № 112 үй тұрғындарының арыз-шағымдарын орындау және жарналық төлемдерін арттыру мақсатында, анықталған кемшіліктерді кепілдік мерзімі ішінде жоймағандықтан «Алимбек» ЖШС (мердігер) БҚО ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотқа беріліп 22.06.2016 жылы азаматтық іс қаралып «Алимбек» ЖШС-не 25.08.2016 жылға дейін келісім шарт бойынша кемшіліктерді жоюға мерзім берілді, алайда аталған мерзімде кемшіліктерді жоймағаны үшін 25.08.2016 жылы БҚО ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотқа мәжбүрлі түрде орындату мақсатында атқарушы парағын шығарып сот орындаушыларға жолдау туралы арыз берілді. Сонымен қатар Қонаев көшесі № 38 үй тұрғындары жөндеуге жұмсалған қаражаттың толығымен игерілмегенін және жасалған жұмыстардың сапасыздығын басшылыққа алып аудандық прокуратураға ұжымдық арыздар жазды, соның нәтижесінде Исаев көшесі № 118 бен Қонаев көшесі № 38 үйлерге аудан прокуратурасымен сот- құрылыстық сараптама тағайындалды. Сот-құрылыстық сараптама қорытындысы бойынша жұмсалған қаражат толығымен игеріліп жөндеу сапасы нормаға сәйкес екенін көрсетіп мердігерлер қосымша жұмыстарға артық қаражат жұмсағанын көрсетті.
2014-2015 жылдар арасында «Игілік » ЖШС арқылы Жаңғырту және Өңірлерді дамыту бағдарламалары бойынша 9 үй күрделі жөндеуден өтті.
9 үй бойынша нақты қайтарылатын қаражат жоспары- 12 837 658, 92 теңге, қайтарымы – 8 387 253, 81 теңге, бережағы – 4 450 405,11 теңге, пайызы – 65,3.
Ленин көшесі №44 үй бойынша нақты кайтарылатын қаражат жоспары- 808256,64 теңге, қайтарымы- 263825,51 теңге, бережағы- 544431,13 теңге, пайызы- 33.
Маметова көшесі №11 үй бойынша нақты кайтарылатын қаражат жоспары- 802145,28 теңге, қайтарымы- 780058,94 теңге, бережағы- 22086,34 теңге, пайызы-97.
2016 жылы Цессия бойынша берілген уәкілеттілікті пайдалана отырып Қонаев көшесі № 38, Исаев көшесі № 112 үйлерден бережақтары бар 38 тұрғын және «Игілік» ЖШС-і арқылы жөндеуден өткен үйлерден 10 пәтер иесі сотқа берілді.
-Қонаев көшесі № 38 үйден – 38 тұрғын
-Исаев көшесі № 112 үйден – 2 тұрғын
-Исаев көшесі № 118 үйден – 3 тұрғын
-Достық көшесі № 2 үйден – 2 тұрғын
-Достық көшесі № 7 үйден – 2 тұрғын
Сот шешімі бойынша: 32- тұрғын мәжбүрлі түрде, 14- тұрғын медиация арқылы төлеуге тиіс, 2- іс қаралудан бас тартылды. Сот шешімі бойынша 9 120 935 теңге өндірілуі тиіс. Өндірілгені 939 500 теңге.
2017 жылдың ішінде қайтарымды төлемей отырған 35 адам сотқа беріліп,жалпы сомасы 4 573 093 теңге өндірілуде.
2017 жылдың 12 айы ішінде «Игілік» ЖШС-ң тарапынан жұмсалған қаржыны қайтару мақсатында тұрғындармен хабарласып жаңғырту бағдарламасын, тұрғын үй көмегін алу жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Әсіресе «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ арқылы жөнделген 2 үйдің тұрғындарымен бірнеше мәрте кездесулер өткізіп жазбаша түрде келісім шартқа отыру жөнінде ұсыныстар жіберілді.
Сонымен қатар барлық жөнделген үйлердің тұрғындарымен тұрғын-үй көмегін алуға құжаттарын дайындауға көмектесіп, мердігер «Аяла» ЖШС арқылы жөнделген үйлердің анықталған ақауларын жойып 5 пәтерге су тартылды. Қыс мезгілінде коммуналдық инфрақұрылымының (су, газ, кәріз) кедергісіз жұмыс істеуін қадағалаудамыз.
Көпқабатты үйлерде көп жағдайда тұрмысы және табысы төмен, жұмыссыздар, әлеуметтік жағдайлары нашар отбасылары тұрады. Оларға бюджеттен тұрғын үй көмегін алуға жағдай қарастырылғаны белгілі.Сондай тұрғындарға серіктестік әрдайым құжаттарын реттеп тиісті жерге тапсыруға көмектесіп келеді.
2014 жылы тұрғын үй көмегін 3 адам- 45258 теңге, 2015 жылы 24 адам-1 621 741 теңге, 2016 жылы 53 адам – 2 810 678 теңге, 2017 жылы 9 айдың ішінде 40 адам-3659119 теңге алды.
2017 жылы жинақталған қайтарым есебінен жаңғырту бағдарламасына сай Ақжол ауылдық округі Ілбішін ауылында 16 пәтерлік 1үй қайта жаңартудан өтті. Оған 15 772 682,40 теңге жұмсалды. Осы 2018 жылға қайтарым есебінен жөнделуге Чапаев ауылы Достық көшесі № 6 үйдің құжаттары әзірленуде.
Орташа жіберілетін тариф:
сумен жабдықтау қызметіне (ауыз су) – 1м3 үшін 133,07 теңге;
кәріз жүйесінің қызметіне – 1 м3 үшін 128,14 теңге.
Тұрғындар:
–сумен жабдықтау қызметіне – ауыз су) – 1 м3 үшін 76,56 теңге;
– кәріз жүйесінің қызметіне-1 м3 үшін 61,56 теңге.
Жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына суды тұтыну көлемі және ыстық сумен жабдықтау қызметтерін көрсету кезінде қоректендіру көлемі шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын кәсіпорындар:
сумен жабдықтау қызметтеріне (ауыз су) – 1 м3 үшін 85,06 теңге.
Өзге тұтынушылар:
– сумен жабдықтау қызметіне (ауыз су) – 1м3 үшін 251,87теңге.
– кәріз жүйесі қызметіне – 1м3 үшін 154,39 теңге.
Бюджеттік ұйымдар (о.і. «Темиржолсу – Костанай», ЖШС бюджеттік ұйымдар пайдаланатын көлемде):
– сумен жабдықтау қызметіне (ауыз су) – 1м3 үшін 591,93теңге.
– кәріз жүйесі қызметіне – 1м3 үшін 792,18тенге.
Есептеу аспаптары жоқ абоненттер үшін төлем есебі 1 адамға – 967,46 теңге.
Көшедегі су тарату колонкасына 1 адамға – 103,35теңге.
Барлық тұтын ушылар үшін техникалық судың құны-1м3 үшін16,79теңге.
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Әр сейсенбі және бейсенбі күні: сағат 1000- 1200-ге дейін
0900-1300
1430-1830
Сенбі, жексенбі демалыс күндер
Жалпы ережелер.
«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090500, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ. Қараш көшесі, № 35.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында қызметті жүзеге асыру болып табылады.
14. Міндеттері:
1) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2) елді мекендерді санитарлық тазартуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау мен көму орындарын күтіп ұстау.
15. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және концессиялар туралы заңдарына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2) автомобиль жолдарының учаскелерін (көпір өткелдерінің) концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелердің мөлшерін әзірлеу;
3) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекендердің көшелерін басқару;
4) ауданның коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол жөндеу кәсіпорындарын басқару;
5) аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын құру, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
6) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
7) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды жүзеге асыру;
8) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
9) тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі қызметін бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;
10) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 32-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайда, кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету;
12) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді жүзеге асыру;
13) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізуді жүзеге асыру;
14) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекіту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу, маршруттар бойынша жүру кестелерін бекіту;
15) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;
16) қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастарда әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;
17) тахографтарды орнату және оны күту қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
18) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
19) ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желілерін және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастыру;
20) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
21) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
23) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
24) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асыру;
25) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;
26) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу аясында қызметті жүзеге асыру.
3. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
16. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты, «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.
17. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
4) «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
6) «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін мүддесін таныстырады;
9) сенімхатсыз «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан әрекет ете алады;
10) мердігерлік ұйымдарымен шарттар жасады;
11) «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне сенімхаттар береді;
12) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
19. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамаларда өзгеше көзделмесе, «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
22. «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1.«Жәнібек Сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі